• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан ЭЫДҰ халықаралық көлік саммиті форумына қабылданды 02.06.2017

Форум – құрамында 57 мүше-мемлекет бар халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады (2006 жылы 18 мамырда құрылған). Форум ЭЫДҰ-ның құрамына кіреді. Сонымен қатар, ЭДЫҰ-ға мүше емес елдерді қамтитын саяси автономды орган. Ұйым көлік саясаты салаларында түрлі ұсыныстар әзірлейді және әлемдік деңгейде көлікті дамыту мәселелерін талқылау мақсатында жыл сайын көлік министрлерінің қатысуымен Саммит ұйымдастырады.

Қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов бастап барды.

Саммитте талқыланған басты тақырып «Көлік саласындағы басқару» болды. Сонымен қатар, іс-шара аясында «Көлік инфрақұрылымдағы инвестициялар үшін басқару сапасын ұлғайту» және «Ірі жолаушылар көлік тораптарын басқару» тақырыптарында пленарлық сессиялар өтеді.

"Қазақстанның аталған Форумның жұмысына қатысуы бүкіл көліктік даму салалары бойынша өзекті зерттеулер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның логистикалық және транзиттік әлеуетін нығайту мен дамыту жобаларына қатысуға жол ашады", - делінген хабарламада.


Back to the list