• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ресейлік делегация Алматыдағы Орталық референс-зертханасында болды 01.06.2017

Сонымен, қазақстандық тарап ОРЗ-ның мақсаты мен міндеттері жайлы айтып берді. Ресей СІМ қаруландыруды бақылау және таратпау мәселелері бойынша департамент директоры М. Ульянов қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалады.  Сонымен қатар, Қазақстанның жаппай жою қаруын таратпау жүйесін қолдайтындығымен әйгілі екенін атап өтті.

«Одан ары ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктері бар және Қазақстан қарым-қатынас барысында  ешқашан күдік тудырған емес», - деп атап өтті ол.

Ресейлік делегация басшысы сапарды қорытындылау барысында дұрыс бағытта қадам жасалғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қазақстандық әріптестеріне ашықтығы мен достық қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді ж2не де ресейлік делегация ОРЗ жұмысымен танысып, жоғары баға берді.

«Біз халықаралық аренада Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу  бойынша конвенция аясында белсенді жұмыс істейміз және көптеген бастамаларды көтердік. Осы ретте, Қазақстанның олардың бірқатарын қолдағаны бізді қуантады», - деді М. Ульянов.

РФ өкілі атап өткендей, одан ары ынтамақтастық бойынша  профильдік салаларда өзара байланыс өте жоғары деңгейде орнатылған. 


Back to the list