• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мауритания Президенті ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысады 01.06.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, М. У. Абдель Азиз шақыруға алғыс білдіре отырып, саммитке қатысу үшін Астанаға ресми сапармен келуге ниетті екенін растады.

Арнайы уәкіл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құруына және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуіне, сыртқы саяси бастамаларына Мауританияның қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

А. Камалдинов Мауританияның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі және өңірлік тұрақтылықты сақтаудағы рөлін жоғары бағалады. 

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің Арнайы уәкілі Нуакшотқа жұмыс сапары аясында Мауританияның сыртқы істер министрі Исселку Ульд Аxмад Изид Биxпен және Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мұстафа Аxмад Дауммен кездесті. Тараптар әр түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Мауританиялық тарап Астананың сирия дағдарысын реттеу бойынша дипломатиялық күш салуын қолдады. 


Back to the list