31.05.2017
Мемлекетаралық электрондық құжат айналым жүйесінің бірінші тестілік сынақтары жүргізіліп, оң нәтиже беріп үлгерді.
«ЕАЭО бірыңғай ақпараттық жүйесі үшін негізгі тәуекелдерді анықтауға және ЕЭК куәландыру орталығын құруға мүмкіндік беретін ақпарат қауіпсіздігі қаупінің моделі бекітілді », - делінген Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) хабарламасында.
Алқа мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану механизмін қамтамасыз ететін сенімді үшінші тараптың сервистерін пайдалана отырып, Комиссияның және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының мемлекетаралық электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны тәжірибелі пайдалануға іске қосуға дайындықты аяқтау туралы шешім қабылдады.
«Пилотты "G2G» құжат айналымында іске асыру заңды түрде маңызды трансшекаралық құжат айналымды ұйымдастырудағы маңызды қадам болып табылады. Келесі кезеңде бизнестің мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-қимылы рәсімдерін іске асыру жоспарланып отыр», - деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа мүшесі (министр) Карине Минасян.