• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан мен Испания арасындағы саяси консультациялар өтті 31.05.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, саяси консультациялар біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы және екіжақты ынтымақтастықтың маңызды оқиғалары – Испания басшылығының көрмеге қатысу үшін сапары қарсаңында өтті. Астанада өтетін көрменің тақырыбын ескере отыра, Р. Василенко Испанияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан-Испания» Іскерлік Кеңесі мен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның белсенді қызметі экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың кеңеюіне едәуір ықпал етеді.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларын талқылады, әр түрлі салалардағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасу өтті.

Испанияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Қазақстанды БҰҰ ҚК аясындағы сыртқы саяси бастамаларымен құттықтады. Испанияның елімізге халықаралық аренада одан әрі қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.  

Испания – Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси әріптестерінің бірі, Қазақстан онымен өңірдегі Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойған (2009 жыл) екінші ел. 2016 жылы тауар айналымының көлемі 1,35 млрд долларды құрады.


Back to the list