• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан-БАӘ бизнес форумы өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ) 22.05.2017

Форумға екі елдің 400-ден астам бизнес өкілдері қатысып жатыр. БАӘ – Қазақстанның Таяу Шығыстағы стратегиялық маңызы бар ірі серіктестерінің бірі. 

Екі елдің арасындағы қатынас достыққа, өзара сенімге негізделгендіктен, бірігіп қолға алған көп жобаларымыз бүгінде сәтті жүзеге асып жатыр.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиялық кешені және құрылыс сияқты экономиканың басым салаларына негізделген бірлескен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. 

Тәуелсіздік алғалы бері БАӘ елімізге жалпы көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын инвестиция әкелді, ал Қазақстан 900 миллион доллар көлемінде инвестиция құйған. 
 

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндіктер әлі де көп. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы тауар айналымы 3 есеге дейін өскен.

 Бүгінгі форумның негізгі мақсаты Қазақстан-БАӘ сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, ілгерілету. 

 


Back to the list