• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында жартылай дайын өнімдер өндіретін зауыт салынады 18.05.2017

Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті және Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компаниясының қазақстандық жобасы болып табылатын инвестор «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС арасында инвестициялық келісімшартқа қол қойылды.

Инвестициялық келісімшартқа дейін биыл сәуірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Mareven Food Holdings Limited арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Оның мақсаты басым инвестициялық жобаларды қолдау және Қазақстан тарапынан оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Mareven Food Holdings Limited азық-түлік өнімдерін өндіру және жартылай дайын өнімдерді кеңінен тұтыну инфрақұрылымдық жобаларына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ тікелей инвестициялар бойынша қазіргі заманғы жүйелерді өңірлерде дистрибуция құруға және дамытуға маманданған. Холдинг акционерлерінде 70-тен астам елде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша табысты тәжірибелері бар.  

2015 жылы «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске қосты. Бұл жоба - Алматы облысының аумағында тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіретін зауыт құрылысын қамтиды. Жобалық қуатына шыққанға дейінгі Қазақстандағы жалпы инвестициялық көлемі бірнеше ондаған миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, компания жергілікті өндірушілер шығарған жоғары сапалы азық-түлік өнімдері мен жартылай фабрикаттарды қол жетімді бағамен ұсынып, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге және Еуразиялық аймақтағы көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.

Шикізаттың негізгі үлесі қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Жоба 600-ге жуық жергілікті халықты жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді. 


Back to the list