18.05.2017
KAZAKH INVEST хабарлағандай, бұл сауда миссиясы Омбыда осымен 5 рет өткізілуде. Бұған дейінгі шаралардың аясында қазақстандық өнімді Омбы облысының нарығына 20 млн долл астам қаржының өнімін жеткізу туралы келісім жасалды.
Сауда миссиясы бизнес-форум форматында өткізілді, оған 25 қазақстандық азық-түлік тауары мен құрылыс материалдарын өндіруші, машина құрылыс, фармацевтика, қаптама, химия өнімі өндірісі саларындағы кәсіпорындардың өкілдері және қазақстандық өнімді сатып алуға мүдделі 100-ден астам омбы компаниялары қатысты.
«Алдын ала қорытынды мәліметтер бойынша құны 5 млн доллардан асатын қазақстандық өнім экспорталатын болады», - деп сендірді «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясынан.
Сонымен, мысалы «Аралтұз»АҚ 100 млн рубльдің өнімін құрамында 19 супермаркеті мен жүзден астам дүкені бар омбылық сауда желісіне жеткізу туралы келісімге қол қойды.