• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Бәйтерек» холдингі ҚХР қаржы институттары және банктерімен ынтымақтастықты кеңейтуде 16.05.2017

Холдинг басшысы Машина жабдықтары бойынша Қытай ұлттық корпорациясының топ-менеджментімен қытайлықтар тарапының Холдингтің «Ұлт чемпиондары»  бағдарламасының қатысушысы Аллюр компаниясы тобымен стратегиялық инвестициялық әріптестігін орнату мәселесін талқылады. Кездесу шеңберінде тараптар стратегиялық әріптес ретінде қытайлық компанияны тарту бойынша Жол картасына қол қойды. 

Сонымен қатар «China Triumph International» қытайлық көп бейінді компаниясының басшылығымен кездесуде көп функционалды табақ әйнек және жоғары қосымша құнмен басқа әйнек өнімін шығару саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу шеңберінде қазақстандықтар атынан «Orda Glass» ЖШС және қытайлық компания стратегиялық әріптестікті және Қызылорда облысында зауыт салу бойынша жұмысты аяқтауды көздейтін екіжақты келісімге қол қойды.  

ҚХР ірі коммерциялық банкі болып табылатын Қытай банкінің төрағасы Тиян Гаулимен кездесу барысында ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнату, оның ішінде Жібек жолының Экономикалық белдеуі жолдары арқылы трансшекаралық жобалар бойынша перспективалар талқыланды. 

Қазіргі уақытта Холдинг қытайлық қаржы ұйымдарымен және банктерімен ынтымақтастықта, инвестициялық жобаларды, оның ішінде «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын іске асыру шеңберінде іске асыруға іріктірілген. 

Айта кетерлік жайт, «Бір белдеу, бір жол – 2017» халықаралық экономикалық форум Азия елдерінің өңірлік ықпалдасу және өзара іс-қимылы проблемаларына арналған, оған 28 мемлекеттің жоғары басшылығының өкілдері қатысқан. Іс-шараның негізгі мақсаты өңірлік және басты экономикалық қатынастар, инвестициялар арқылы инфрақұрылымға мемлекетаралық байланысты дамыту, «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамасын іске асыруға қатысу мүмкіндігі мәселелерін талқылау болды. Талқылаудың негізгі тақырыптары саяси үйлестіру, инфрақұрылымның өзара байланысы, үзіліссіз сауда, капиталдың еркін қозғалысы, халықтар арасындағы жақындастықты нығайту, ой-талқы орталықтарымен алмасу болды.


Back to the list