12.05.2017
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев өңірдің құрылыс индустриясына, агроөндірістік кешен мен көлік логистикасы және туризмді дамыту салаларына кеңінен тоқталды.
«Біздің аймақ барлық әлеуетті инвесторлар үшін Еразиялық экономикалық одақ елдерінің және сауда серіктестері Үндістан, Қытай мен Иран ммелекеттерінің нарығына шығаратын жол болмақ», - деді облыс әкімі К.Көкірекбаев.
Айта кетерлік жайт, өткен жылы Өзбекстан Республикасы мен Жамбыл облысы арасындағы тауар айналымы 34 млн доллардан асып жығылды. Оның ішінде экспорт 13,6 млн, ал импорт – 20,5 млн долларды құрады.
Өзбек делегациясының өкілдері аймақтың инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, оған қызығушылық танытты.
Жамбыл мен Джизак облыстары басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 млрд теңге болатын бірқатар меморандумдарға қол қойылды.