11.05.2017
Оның айтуынша, ұл бағдардағы контейнерлік тасымал жоспарлы 94,6 мың ЖФЭ болса, ол 105 мың ЖФЭ жеткізілді. Бүгінгі таңда Компания Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді.
Оңтүстік- Шығыс Азия бағдарындағы қолданыстағы «Sea-Air» логистикалық тізбегін «Rail-Аir» көлік өнімімен Дубай арқылы Еуропаға шығарудың жаңа бағдары қарастырылуда. 2016 жылы Амстердам, Стамбул және Мәскеу бағдарына 9 пойыз ұйымдастырылды.
Атап өтер болсақ, ТККБ қатысушылар аталмыш бағдардағы жүк тасымалдауды дамыту жөнінде ұйымдастыру шараларын белсенді жүргізуде.
С. Елубаевтың хабарлауынша, Ляньюньган портындағы қазақстандық логистикалық терминал Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртудағы орталықтардың бірінен саналады. Бұл порт бастауын шығыстан алатын Еуразиялық құрлықтық дәліздің Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көпірі.
Айта кетерлік жайт, тараптар Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыздар ұйымдастыру, транзиттік жүк көлемін арттыру, жаңа бағдарларды игеру мәселесін талқылады. Келісім соңында арнайы Хаттамаға қол қойылды.