11.05.2017
Делегация құрамында әр түрлі қызмет салаларындағы 20-ға жуық кәсіпкер келді.
Қазақстанға достық сапары аясында өзбек делегациясының өкілдері «Бурное Солар-1» күн электр станциясында болды. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының жұмысымен танысты, ол 10 ай бұрын салынған еді.
Сапар аясында қонақтар Тараз қаласының мәдени-тарихи орындарында болып қайтты.
Сонымен бірге, екіжақты ынтымақтастықты нығайту және бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында іскерлік топ өкілдерімен «B to B» форматында кездесу өтті, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Кездесу барысында өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Бірлескен ынтымақтастық екі елдің көптеген салаларында өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Сондай-ақ, делегация өкілдері облыстық перинаталдық орталықтың және «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасының жұмысымен танысып, облыстық орталықтың спорттық және білім беру мекемелерінде болды.
Өзбекстанның Джизак облысы делегациясы Жамбыл облысында екі күн болмақ.