• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Мысыр сот-құқықтық саладағы ынтымақтастықтарын кеңейтуде 11.05.2017

Кездесу барысында елші Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мамидің Абдель Уаххаб Абдель Разекке жебірген жолдауын тапсырды. Осы ретте,  аталмыш сапар екі елдің сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуда маңызды рөл атқарды, деп аталып өтті.   

Тараптар Қазақстан мен Мысырдың сот-құқықтық саласындағы өзара қарым қатынасты дамыту жолдары туралы пікір алмасты.

А. Исағалиев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауында атап көрсеткен мемлекетіміздің даму жолы мен бағдарламалық мақаласы туралы кеңінен айтып берді.

Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық барысы туралы бөлісті. 


Back to the list