03.05.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, әмірліктердің делегациясын – БАӘ СІМ Шетелдік азаматтар істері жөніндегі департаментінің директоры Мұхаммед аз-Зааби басқарды.
Келіссөздерде Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары үшін визалық режимді одан әрі жетілдіру мен түрлі консулдық және құқықтық мәселелерді өзара тиімді шешу мәселелері толық талқыланды. Сондай-ақ, тараптар 2017 жылғы 22 мамырда Астанада өтуі жоспарланған консулдық мәселелер бойынша бірлескен комиссияның бірінші отырысының күн тәртібін келісті.
Қазіргі кезде екі ел консулдық қызметтері арасындағы өзара әрекеттестіктің құқықтық негізі болып «Азаматтық және коммерциялық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы», «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы» және «Қылмыскерлерді ұстап беру туралы» мемлекетаралық келісімдер, сондай-ақ «Дипломаттық және қызметтік паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы» үкіметаралық келісім мен Сыртқы істер министрліктері арасындағы «Консулдық мәселелер бойынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандум табылады.