• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО туроператорлары үш мемлекетпен ынтымақтастықты бастамақ 02.05.2017

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша алдағы жұмыс жоспарлар жайы талқыланған жиын нәтижесінде Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген мамандар мен өңірдің бизнес өкілдері өзара ынтымақтастықты арттыру аясында 10 келісімшартқа қол қойды. Құжаттар негізінде тараптар туризмді өзара тиімді дамытуға, керекті ақпарат пен тәжірибе алмасуға, бірігіп ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруға міндеттелді.

Еске салсақ, сәуір айының 25-29 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін халықаралық нарықта арттыру мақсатында ақпараттық тур өткен еді. Қытай (3 туроператор), Қырғызстан (5 туроператор) және Өзбекстаннан (10 туроператор) келген туроператорлар бес күн ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының басты 3 бағытымен - тарихи-мәдени, емдеу-оңалту, экологиялық бағыттарымен танысты. Онда қонақтар Түркістан шаһары мен Отырар ауданындағы тарихи орындарды, Сарыағаштағы сауықтыру орталықтарын, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі демалыс аймақтарын және Шымкенттегі қонақ үйлерді аралады.

Аймақтың сан қырлы табиғатымен танысқан шетелдік қонақтар күнгейдің тамаша табиғатына сүйсініп, облыс орталығы – Шымкенттің әсем сәулетіне зер салған.


Back to the list