02.05.2017
Сұхбаттасушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға мемлекеттік іс-сапары шеңберінде қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру барысын қарастырып, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақтағы бағытын, көпжақты форматтағы өзара әрекеттесу, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысы аясындағы күштерді үйлестіруді қоса талқылады.
Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің басшысы жапон әріптесін Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік саясатының басымдықтарымен таныстырды.
Жапон министрі екіжақты форматтағы өзара әрекеттесуді қозғау кезінде Президент Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің тартымдылығын атап келіп, өзектілігін басып айтты. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде Жапония өзінің жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынады.
Кездесу барысында жапон тарабы қазақстандық азаматтар үшін келу визасын ресімдеу мен олардың болу мерзімін ұзарту тәртібіндегі жеңілдетулері жөнінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі – Орталық Азиядағы алдын-алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығының Басшысы (UNRCCA) Петко Драгановпен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан Арал теңізі алабының су ресурстарын трансшекаралық басқару үшін нормативтік-құқықтық модернизациялау бойынша Аймақтық орталықтың күш-жігерін жоғары бағалайтыны және UNRCCA-дің Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастығын қолдайтыны жөнінде айтылды. Сонымен бірге, өңірлік өзара әрекеттесу және трансұлттық қауіп-қатерге бірлескен қарсы күрес сияқты тағы басқа мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, Ашғабатта болу бағдарламасының соңында Түрікменстан Министрлер Кабинетінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өтті. Кездесу кезінде екі ел сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың жақында Астанаға жасаған мемлекеттік іс-сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жоспарын қарастырып нақтылады.