• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан елшісі Түркия Президентіне сенім грамоталарын табыстады 26.04.2017

Түркия Президентінің басшысы  А.Сапарбекұлын  сенім грамоталарын тапсыру салтанатынан кейін екіжақты кездесу форматында қабылдады.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат  Н.Назарбаевтың  Түрік Президентіне 2017 жылдың  17 сәуірінде  сәтті  өткен   референдумға қатысты   ізгі ықыласын жеткізді.  

А.Сапарбекұлы  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық  жағдай  мен елдің ауқымды халықаралық бастамалары туралы айтып берді.

А.Сапарбекұлы Р.Т.Ердоғанның  Астанада  2017 жылдың  10-11 қыркүйегінде өтетін  Ислам ынтымақтастық  ұйымының сессиясына қатысатынына үміт білдірді.

Түркия басшысы елдер арасындағы тауар айналымы көлемін арттыру қажеттігін айтып, екіжақты ынтымақтастықтың  инфрақұрылымдық жобалары мен инвестициялық маңыздылығын атап өтті. 


Back to the list