• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚТЖ  Мәскеудегі «ТрансРесей 2017» халықаралық көрмесінде көлік инфрақұрылымы мүмкіндіктерін таныстырды 21.04.2017

Компания алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Басқарушы компаниясы, «Khorgos Gateway» ЖШС, «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ, «Ақтау теңізі солтүстік терминалы» ЖШС, «Құрық порты» ЖШС көлік-логистикалық қызметтерін ұсынды.

Көрме аясында компания басшылығы әріптестерімен контейнерлік пойыздарды жаңа бағдарларға арнап жасақтау жайларын да ақылдасты. Оның ішінде Қытайдан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын жүктерді Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарда Орталық және Батыс Еуропаға зор көңіл бөлініп отыр.

Көрме аясында "KTZ Express" АҚ-ның Қытайдағы өкілдігі мен Xinjiang KTZ International Logistics Co Ltd.» компаниясы финдік «Unytrade Ltd.» компаниясымен көлік-логистикалық саладағы серіктестік орнату жөніндегі Меморандумға қол қойды. Оның ішінде финдік жүк жөнелтушілерге бірлескен логистикалық тізбекті ұсынды.

«Біз Азия-Еуропа бағдарындағы трансқұрлықтық бағдардағы мультимодальдық тасымалдаудың үлесі артып келе жатқандығын назарға алдық. Аталмыш құжат Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарға жаңа жүк ағындарын тартудан туындап отыр»,- дейді «KTZ Express» АҚ қытайлық коммерциялық офисінің жетекшісі Т. Темірханов.

Биылғы жылы «ТрансРесей» 22-ші халықаралық көлік-логистикалық қызметі мен технологиясы көрмесіне 27 мемлекеттен 300-ден астам компания қызметтерін ұсынды.

 


Back to the list