21.04.2017
ҚР СІМ мәліметі бойынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның көлік саласындағы екіжақты өзара іс-қимылы жөніндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында Астана – Душанбе бағдары бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқылады.
Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Рохи охани Точикистон» МБК («Тәжікстан темір жолы») арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамуы атап өтілді.