• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Израильде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығы атап өтілді 11.04.2017

Қазақстанның Израильдегі елшісі Дулат Қуанышев қонақтардың алдында сөз сөйлей отырып, өткен ширек ғасыр ішінде екі мемлекет арасында достық және сенімді қарым-қатынастар және берік экономикалық әріптестік қалыптасқанын атап өтті. Қазақстандық дипломат қазіргі уақытта екі тарап 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуі барысында қол жеткізілген келісушіліктерді іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Д. Қуанышев қонақтарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынған реформа Қазақстанның демократиялық дамуына ықпал етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Іс-шара барысында өзара сенімділік пен құрмет қағидаттарына негізделген барлық салалардағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға талпыныс атап өтілді.  

Айта кетейік, іс-шараға Кнессет (Израиль Парламенті) депутаттары Йоэль Развозов және Роберт Илатов, Израиль СІМ бас директорының орынбасары Александр Бен Цви, СІМ бас директорының бұрынғы орынбасары Цви Рав-нер, Израильдің Қазақстандағы бұрынғы елшілері Моше Камхи, Исраэль Мей-Ами және Элияху Тасман, Израильдің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, сараптамалық және бизнес қоғамдастықтардың өкілдері, жоо басшылығы қатысты. 


Back to the list