• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Грекия Қазақстаннан туристерді тартуға қызығушылық танытуда 10.04.2017

Кездесу барысында екі ел арасында логистикалық және көлік байланыстарын орнату және дамыту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған туризм саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.  

А. Волков өз сөзінде Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтетіні туралы және оған әлемнің, соның ішінде Грекияның туристік, сараптамалық және саяси топ өкілдері қатысатыны жөнінде еске салды.

Сондай-ақ елші гректерді Қазақстан спорттық және экологиялық туризм, ландшафт түрлері, қозғалмаған және қорық аймақтары жағынан қызықтыратынын да айтып өтті. Қазақстандық дипломат 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Грекия азаматтары үшін біздің елімізге кіру үшін күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз режим қолданылатынын да еске салды.

Е. Кундура өз кезегінде қазақстандық туристерді теңізде отбасымен демалу үшін ғана емес, сонымен қатар медициналық, сауықтыру, танымдық және діни туризм жүргізу үшін де тартуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстанда тұратын көп санды грек диаспорасы достық қарым-қатынастарды дамыту көпіріне айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Министр өзара қызығушылықты ескере отырып, ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және тиісті Меморандумға қол қою үшін жуық арада Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді. 


Back to the list