07.04.2017
Кездесу барысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген 2017 - 2022 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан Үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады. Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды.