31.03.2017
Талқылау барысында екі елдің материалдық-техникалық қамтамасыз етуі аясындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға қатысты өзекті тақырыптар көтерілді. МТҚ дамыту Қарулы Күштердің әскерлерін қамтамасыз етудің негізгі түрлерінің бірі болып табылатын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ие айрықша мәнін ескере отырып, маңызды рөлге ие екенін атап өткен жөн.
АҚШ ҚК ҚӘ Орталық қолбасшылығы тиісті әскери іс-қимылдар «театрында» НАТО-ның біріккен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің презентациясын көрсетті.
Оның ішінде, американдық мамандар қазақстандық әріптестеріне әскерлерді материалдық құралдардың барлық түрлерімен қамтамасыз етудің қолданылып жүрген жүйесін, қаржылық-есепке алу қызметінің жұмысын, келісімшарттық қамтамасыз ету және медициналық жабдықтау ережелерін паш етті.