17.03.2017
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, дәріске аталған оқу орнының студенттері мен профессорлық оқытушылық құрамы қатысты. Тыңдаушылар Жолдау мен Үндеудің негізгі тұстарымен, сондай-ақ екі ел арасындағықарым-қатынастардың, еліміздің қазіргі кезеңдегі дамуының басым бағыттары мен бағдарламалық құжаттары турасында танысты.
Дәріс соңында студенттерге «ЭКСПО-2017» көрмесі жөнінде бейнеролик көрсетіліп,ақпараттық-имидждік материалдар таратылды.
«Ашық дәріс» аясында, Елшінің Ресей Тәжік университетінің ректоры Нурали Салиховпен кездесуі өтті. Оның барысында екі елдің білім беру саласындағы байланыстарды одан әрідамыту, соның ішінде өзара студенттермен алмасу мәселелері талқыланды.