17.03.2017

Кітапханада хабарлағандай, конференцияның мақсаты – неміс-қазақ ынтымақтастығының қолданыстағы құрылымдарды нығайту және кеңейту болып табылады.



Конференция барысында, «Германия мен Қазақстандағы білім беру: «Біз бірге болашақты жасаймыз» атты екі жақты білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ оның әлеуеті мен перспективаларын, барлық аспектілерін қамтыды.



Осыған орай, төрт панельдік сессиялар барысында мәдениет пен білім, сондай-ақ жоғары білім беру аясындағы және кәсіптік-техникалық білім беру, мектептердегі білім беру саласындағы тақырыптарды талқылайды.



Шараға Сыртқы істер вице-министрі – М.Ю.Василенко, Білім және ғылым вице-министрі – Э.А. Сухамбердиева және Мәдениет және спорт вице-министрі – А.Р. Райымқұлова, сонымен қатар неміс және қазақ оқу орындарының өкілдері қатысты.
Фото:Арман Мұхатов