15.03.2017
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, әңгімелесу аясында тараптар екіжақты саяси мәселелерді, сауда-экономикалық және өзекті халықаралық және өңірлік проблемаларды талқылады.
А.Бердібай Сенат төрағасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік өкілеттіктерін бөлу бойынша жасаған үндеуінің негізгі қосымшалары мен «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын таныстырды.
Өз кезегінде, Сенат төрағасы Таяу Шығыстағы әскери-саяси дағдарысты, оның ішінде Сириядағы жағдай Иорданияға кері әсер етіп жатқанын айтып өтті. Осы орайда лаңкестік ұйымдармен халықаралық ұйымдардың бірігуі қажеттігін жеткізді.
Ф. аль-Фаез инвестициялық және мәдени-гуманитарлық нығаюдың маңыздылығын атап өтті, екі елдің өзара ынтымақтастығының тереңдеуіне қызығушылық танытты.