14.03.2017
«Исламдық банкинг әлемде маңызды орын алады және экономикасы ашық Қазақстан сияқты елдің исламдық банкинг ұсына алатын мүмкіндіктерді пайдаланбауы дұрыс емес. Біз әлемде ұсынылатын барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек», - деді Б. Жәмішев.
Б. Жәмішев исламдық банкинг бұл басқа банкингке жай ғана балама емес екенін атап өтті.
«Исламдық банкинг – басқа банкингке жай ғана балама емес, бұл басқа философия және біздің заңнамамыз осыған негізделеді. Алайда, оның нақты тұжырымдамасын Ресейдің Орталық банк өкілі берді деп ойлаймын, оның айтуынша, банк саласы бұл азаматтық-құқықтық қатынастар саласы. Бұл жерде идеология маңызды емес, оның осылайша реттелгені маңызды», - деді Б. Жәмішев.
Оның айтуы бойынша, кәдімгі банкинг пен исламдық банкинг арасында тәуекелдер сипатында да және рәсімдерде де айырмашылықтар бар.
«Классикалық банктер едәуір тәуекелдерге әкелген және қазір олардан бас тартылып келетін әр түрлі туынды құралдармен жұмыс істеген. Исламдық банкинг тәуекелдерді бөлуге негізделеді, бұл банк секторы үшін біршама практика», - деді Б. Жәмішев.
Еске сала кетейік, Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) REDmoney Group-пен бірлесіп ұйымдастырған IFN ТМД 2017 форумы өтуде. Форум аясында төрт меморандумға қол қойылды.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті