• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Гаагада Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының 84-сессиясы өтті 11.03.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, сессияның күн тәртібінде тұрған мәселелердің арасында ХҚТҰ-ның 20-жылдығы, Сирия және Ирактағы ахуал, ұйым жұмысының өзекті сұрақтары мен басым бағыттары. Қазақстан делегациясын Қазақстанның Нидерландтағы елшісі, ҚР ХҚТҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов басқаруда.

М. Ілиясов өз сөзінде қатысушыларды жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша  Қазақстан Республикасының күш-жігері туралы хабардар етті.  Сириялық дағдарысты шешу бойынша бейбіт келіссөздердің  халықаралық алаңы ретінде танылған  Астананың үлесі ерекше аталды.

2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөнінде халықаралық аренада конструктивті түрде ат салысатынына назар аудартылды. Осы мәнмәтінде қазақстандық дипломат БҰҰ ҚК-нің Сириядағы химиялық қарудың қолданылуын зерттеу бойынша ХҚТҰ-БҰҰ (БТМ) Бірлескен тергеу механизмі мандатын ұзарту шешіміне жоғары баға берді.

Өз сөзінің қорытындысында М. Ілиясов қазақстандық тараптың химиялық қаруға тыйым салу Конвенциясын жүзеге асыру және оны әмбебаптандыру жұмысы шеңберінде Атқарушы Кеңес және мүше-елдерімен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Атқарушы Кеңестің 84-ші Сессиясының жұмысы  үстіміздегі жылдың 10 наурызына дейін жалғасады және күн тәртібіндегі құжаттар пакеттерінің қабылдауымен қорытындыланады. 


Back to the list