10.03.2017
Қаржы министрлігі хабарлағандай, делегация құрамына министр Б.Б Атамқұлов басқарған Қорғаныс және аэроғарыш және қорғаныс министрліктерінің және т.б. ұйымдардың өкілдерінен тұратын үлкен топ кірді. Бұл топ Израильдің өнеркәсіптік объектілерін қарап кездесулерді өткізді.
Бұл сапардың миссисы Комиссияның 7-ші отырысының және Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Б. Нетаняхудың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаласытқтарды іске асыруда түйінделген.
Өндіріс, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, қаржы, ауыл шаруашылық салаларында израильдің мемлекеттік және бизнес-құрылымдарымен келіссөздер өтті.
Сапар барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Израиль Қаржы министрі Моше Кахлонмен, Израильдің Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесті.
Қазақстан-Израильдік бірлескен комиссия Қазақстанға инвестицияларды тарту және біздің мемлекеттерде бизнесті жүргізу шарттарын жасау үшін құралдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов бірлескен комиссияның теңтөрағасы ретінде бизнес қауымының өкілдерімен кездесті.
Сонымен қатар Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдерімен Израиль Үкіметінде Меркава жобасын іске асыру мысалында жалпы сервистің мемлекеттік центрін құру, бюджеттік жоспарлау процестерін, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік сатып алуды басқаруды автоматизациялау тәжірибесі қарастырылды.
Бұдан басқа, ақпараттық-коммуникациялық салада сарапшылар деңгейінде «Сандық Қазақстан» және «Сандық Израиль» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастықта түсінушілікке қол жеткізілді. Агротехнологиялар саласында Ауыл шаруашылық министрлігінің сарапшылары трансферт технологиясы аясында және біріккен кәсіпорындарды құру бойынша қазақстандық және израильдік аграрийлердің ортақ ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктер қарастырылды. Денсаулық сақтау саласында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары квалификацияны көтеру, Қазақстанда израильдік сарапшылардың мастер-класстар өткізу, қазақстандық университеттік клиникаларды израильдік компаниялардың басқаруына беру сұрақтары талқыланды.
Келесі бірлескен комиссия отырысы а.ж. мамыр айында жоспарланған.