• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Чехияның СІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай мерейтойлық медалмен наградталды 09.03.2017

ҚР сыртқы саяси ведомствосында хабарлағандай, С. Әбдікәрімов Л. Заоралекке медальді табыстап, оның Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталғанын атап өтті.

Чехия СІМ басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғыс білдіру сөздерін жеткізуді сұрады.

Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасында әр түрлі салаларда серпінді дамып жатқан ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.


Back to the list