• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның Бельгиямен және Люксембургпен тауар айналымы едәуір ұлғайды – елші 09.03.2017

Елшінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстан-Бельгия тауар айналымы 299,5 млн АҚШ долларын құраған, бұл алдыңғы жылғы ұқсас көрсеткіштерден 13% жоғары. Корольдіктегі қазақстандық экспорт көлемі – 136,9 млн долларға, Бельгиядан импорт көлемі 162,6 млн долларға жеткен.

Осы ретте, Корольдік Қазақстан үшін перспективалы инвестициялық әріптес болып қалуда.

«Бельгияның тікелей инвестицияларының жалпы түсімі 2016 жылғы 9 ай ішінде 455,6 млн долларды құрады. Бұл, ең алдымен, Бельгиядағы шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігінің жалпы ұлғаюымен, сондай-ақ ҚР экономикасына инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту, қазақстандық өнім экспортын ілгерілету бойынша күш салумен байланысты.

«Қазақстандық экспорт құрылымында түсті металдар, жүн, тоқыма бұйымдары, жай металдар және олардан жасалған заттар, химиялық өнеркәсіп өнімі басым. Бельгиядан импорт, негізінен, машиналар мен жабдық, минералды өнім, оптикалық, фотографиялық және басқа құрылғылар, тоқыма бұйымдар, тамақ өнеркәсібі өнімі түрінде ұсынылған», - деді ол.

Өткен жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Люксембург арасындағы тауар айналымының көлемі едәуір өсіп, 18,3 млн долларды құраған.

Люксембургке қазақстандық экспорт жоқ деуге де болады. Осы ретте, еуропалық ел Қазақстанға химиялық өнім, тоқыма бұйымдарын, аяқ киім және медициналық аспаптар экспорттайды.  

Ақбота Күзекбай


Back to the list