07.03.2017
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның қазіргі заманғы даму аспектілері мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы үндеуінің мағынасымен таныстырды.
СІМ хабарлағандай, тараптар құқықтық ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін талқылап, екі елдің құқық қорғау саласы арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуетін талқылады.
Сондай-ақ, Нұрлан Сейтімов Тәжікстан бас прокурорына «ҚР Прокурорының 25 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады.
Өз кезегінде Р.Ю. Ахмадзод марапаттау үшін алғыс айтып, қазақстандық әріптестерімен табысты ынтымақтасуды жалғастыруға дайын екенін айтты.