06.03.2017



Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Арменияның үздік тауарлары Мәскеу мен Астанада таныстырылады. «Халық маркасы» отандық тауар өндрушілерді насихаттап, тауарларды Қазақстанның ішінде ғана емес, сыртында да ілгерілету жұмыстарын атқаруда. Айта кетейік, Мәскеуде Қазақстанның павильоны ашылды.



Еуразиялық іскерлік одақтың басқарма төрағасы Виктор Камболов таныстырлған қазақстандық тауарлар көрме жұмысы кезінде әлемдік тауар өндірушілердің оң тарапын ғана зерттейді деген үмітте.

«Аталмыш шара аясында Мәскеуден кейін ашатын алаң ол – Астана. Жобада 30 ел бар. Бірінші кезекте, ол Еуразиялық одақ елдері, алаңда Вьетнам, Оңтүстік Корея, Иран елдерін көруге болады. Бұл жерде РФ өңірлерінің тауарлары қойылған. Мәскеуде үлкен орталық бар, Еуразиялық іскерлік одақ елдерінде де алаңқайлар құрылады. Бұл қазақстандық тауар өндірушісіне берілген жақсы мүмкіндік. Меніңше, ықпалдастық оң динамикаға ие болады», - деді В.Камболов.



Оның айтуынша, бұл жоба өңірлік бизнес ықпалдасудың тиімді мүмкіндігі болмақ.



«Павильонда экспортқа бағытталған танымал тауарлар бар. Оның ішінде «Aivengo», «Дударай», «Балауса» бар.




Айта кетейік, "Халық маркасы" отандық компаниясы Мәскеуде Еуразиялық кеңістік тауарларын ілгерілету туралы меморандум орнатты.
Ақбота Күзекбай
Фото:Арман Мұхатов