• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Венада ЕҚЫҰ  мүшелерінің әскери-саяси қызметі талқыланды 03.03.2017

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай,  кеңес барысында өткен 2016 жыл бойынша Вена құжатының орындалуы, әскери ақпаратпен жаһандық алмасудың жүзеге асырылуы, инспекцияның өткізілуі мен қамтамасыз етілуі, әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Соңғы он жыл бойы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ұйымдастыру қарқынды өзгеретін геосаяси жағдайларға бейімделу үдерісінде тұр. Көптеген беделді саясаткерлердің пікірлері бойынша Батыста да Шығыста да сапалы өзге халықаралық қалыптасуы, еуропалықта ғана емес, сонымен бірге, азиялық қауіпсіздік саласында қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылына тың серпін беруі тиіс», - деді генерал-майор Талғат Мұхтаров сөз сөйлеу барысында.

 Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты 1986 жылғы Стокгольм конференциясы мен 1990, 1992, 1994 және 1999 жылдары Вена құжаттарында тіркелген сенім шараларын дамытатын және толықтыратын ЕЫҚҰ шеңберінде маңызды әскери-саяси уағдаластықтың бірі болып табылады.

 Оның мақсаты тұрақтылықты арттыру және ЕЫҚҰ өңірінде әскери шиеленістердің туындауы қауіп-қатерін азайту мақсатында сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде шараларды жүзеге асыру болып табылады. Вена құжатына сәйкес қатысушы мемлекеттер жыл сайын әскери күштер, қару-жарақ пен техника, жоспарланатын әскери қызмет (оқу-жаттығу) туралы ақпарат алмасады.

Қазақстан 1992 жылдан бастап ЕЫҚҰ қатысушысы бола тұрып, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту үдерісіне белсенді түрде тартылған. Жыл сайынғы негізде еліміз өз аумағында Вена құжаты әртүрлі қатысушы мемлекеттердің инспекциясының өткізілуін қамтамасыз етеді.   Қазақстандық инспекциялық топтар өз кезегінде, өзге де қатысушы мемлекеттердің аумағында тексерістер өткізеді.

 Жалпы алғанда, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі осындай 90-нан аса тексеріс өткізді және қамтамасыз етті. Қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастық бойынша ЕЫҚҰ форумының баға беруі бойынша Қазақстан әскери-саяси өлшем шараларын жүзеге асыру аясында Орта Азиялық өңірдің мемлекеттері арасында көш бастап тұр. Инспекциялық қызметті қамтамасыз ету және әскери ақпаратпен алмасудан басқа, Қорғаныс министрлігі 2006 жылдан бастап жыл сайын ЕЫҚҰ әскери-саяси өлшемінің әртүрлі бағыттары бойынша семинарлар мен курстар өткізеді.

 


Back to the list