01.03.2017
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, А. Елемесов сапар аясында штаттың Энергетика агенттігінің басшылығымен кездесіп, энергетика секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы айтып берді.
Өткен кездесудің нәтижесінде Мексиканың аграрлық, тау-металлургиялық және басқа экономика секторларының кәсіпкерлерінен тұратын бизнес-делегациясын биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанға жіберу туралы келісілді.
Сауда миссиясының негізгі мақсаты мексикалық өнімдерді өткізу нарығын кеңейтуді іздеп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық өнімдерді де мексикалық нарыққа жіберу мүмкіндігін зерттеу, сондай-ақ Қазақстанда және Мексикада инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру болып табылады.
Айта кету керек, Халиско штаты Мексиканың 32 штатының ішінде алдыңғы орынды алады, Гвадалахару қаласы – Мексикадағы халық саны жағынан екінші орында, оның тұрғындарының саны 4,5 млн адамды құрайды.