21.02.2017
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ хабарлағандай, тараптар екі елдің атом саласындағы ынтымақтастығын дамытудың болашағын талқылады.
«Қазіргі кезде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орында. Әлемдік өндірістің 21 пайызына ие «Қазатомөнеркәсіп» - табиғи уранға болған сұраныстың шамамен 20 пайызын қамтамасыз ететін әлемдік нарықтағы жетекші табиғи уран жеткізіп беруші компания. Енді біз бизнесімізді реакторға дейінгі ядролық отын циклының барлық буынына әртараптандыруды жоспарлап отырмыз», - деді Асқар Жұмағалиев.
Кездесулер барысында тараптар геологиялық барлау, уран өндіру және оны өңдеу сияқты атом өнеркәсібінің ынтымақтастық үшін өзара қызығушылық тудырып отырған бірқатар бағыттарын атады.
Тараптар сондай-ақ, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға және атом саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттестіктерін жеткізді.