• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада  қыркүйекте  Ғылым және технологиялар жөніндегі Бірінші ИЫҰ Саммиті өтеді 20.02.2017

Кездесуде шетелдік дипломаттар 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі Бірінші ИЫҰ Саммитіне дайындық барысымен таныстырылды.

Саммитті шақыру бастамасын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы сәуірде Ыстанбұлда өткен 13-ші ИЫҰ Саммиті шеңберінде жария етті. Бұл шара ғылыми және технологиялық әлеуетті дамыту саласында мұсылман қауымының күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

«Астана саммитіне Ұйымға мүше барлық мемлекеттер (55 ел), сондай-ақ байқаушы мемлекеттер мен бірқатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың бірінші жетекшілері шақырылады. Саммит қонақтарының 10 қыркүйекте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми жабылу салтанатына қатысулары да күтіліп отыр», - делінген хабарламада.

Қазақстан  1995 жылдан бері Ұйымның мүшесі. 2011-2012 жылдары ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессияна төрағалық етті. Оның барысында штаб-пәтері Астанада орналасатын Азық-түлік жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын көтерді.


Back to the list