• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Беларусь спортшыларды даярлаудағы тәжірибелерімен алмасты 15.02.2017

Бару мақсаты – дене шынықтыру және спорт саласының озық тәжірибелерімен танысу, Олимпиада резервісі училищесінің материалдық-техникалық базасымен танысу, спорт резерві және жоғары санатты спортшыларды даярлаудағы тәжірибелермен алмасу болып табылады. 

«Байдарка және каноэде есу бойынша Белорусь Республикасы ұлттық құрамының бас жаттықтырушысы Владимир Шантарович олимпиадалық чемпиондарды тәрбиелеудегі өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге қазақстандық мамандармен кездесу барысында Байдарка және каноэде есу бойынша Белорусь Республикасы ұлттық құрамының дәрігері Елена Каллаур өз тәжірибесімен бөлісті», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Орталықтың қызметкерлері белорустік әріптестермен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған семинарларды, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру үшін бұдан әрі ынтымақтастықта болу туралы келісті.

Биыл Орталық Владимир Шантарович және Елена Каллаурмен бірлесіп әзірлеген әдістемелік оқулықтардың бір қатарын басып шығаруды жоспарлауда.  

 


Back to the list