• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Назарбаев Г. Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті болып сайлануымен құттықтады 13.02.2017

Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады.

«Өткен сайлау нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші.

Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді.

Қазақстан түрікмен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Back to the list