13.02.2017
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, іс-шара аясында К. Жигаловтың Ямайканың сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Камина Джонсон Смитпен, туризм министрі Эдмунд Бартлеттпен, сондай-ақ «Jamaica Promotions Corporation» агенттігінің президенті Даян Эдуардспен екіжақты кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ямайка арасындағы, соның ішінде сауда, инвестициялар және туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуының ағымдағы жағдайы мен басым бағыттары қаралды.
К. Жигалов елде жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер, соның ішінде билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлуге бағытталған конституциялық реформаның негізгі ережелері, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттері туралы айтып берді.
Әңгімелесушілер Ямайканың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу болашағына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Ямайка Үкіметінің өкілдері «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып, елдің экология саласына және жаңартылатын энергия көздерінің дамуына үлкен мән беретінін атап өтті.