• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҰҰ Даму Бағдарламасының   басшылығы Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларын қолдайды 11.02.2017

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы (ДБ) арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оның серпінді сипаты және нақты маңызы бар екендігін қанағатпен атап өтті, деп хабарлады СІМ.

Атап айтқанда, БҰҰ бағыты бойынша елімізде тұрақты даму, урбанизация, мемлекеттік қызмет және гендерлік теңдік аясында кейбір жобалар іске асырылуда. Осылайша, Астанада мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік орталық құрылды. БҰҰ дамуға ресми көмек беру жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстанға қолғабыс көрсетеді және алдағы уақытта бұл жұмыс дамушы елдерге халықаралық тәжірибе және ашықтық пен тиімділік стандарттарына сәйкес техникалық көмек берілуіне жол ашуы тиіс.

БҰҰ ДБ басшыларының бірінің назары Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларына аударылды. Қазақстанның басқа бастамасы Алматы қаласында БҰҰ Хабын құру арқылы БҰҰ-ның Еуразиядағы саяси белсенділігін арттыруды көздейді; аталған Хаб бір жүйенің ішінде Қазақстанда тіркелген БҰҰ-ның жиырмадан астам агенттік, қор және бағдарламасын біріктірмекші.

Кездесу барысында БҰҰ жүйесінің «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына қатысуының нақты мәселелері талқыланды. БҰҰ Бас Хатшысы ЭКСПО бойынша БҰҰ комиссары болып тағайындаған Д. Сұлтаноғлу өз міндеттерін орындауға кірісті және Ұйымның стендын дайындауға байланысты мәселелер шешіп отыр.


Back to the list