11.02.2017
Осы жылдар ішінде елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог орнатылып, тығыз шарттық-құқықтық база құрылды, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамыды.
Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Испания Королі I Хуан Карлостың Қазақстанға және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испанияға бірнеше мәрте сапарлары екі ел арасындағы сенімді әрі тығыз өзара әрекеттестіктің жарқын айғағы болып табылады.
Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін
2009 жылғы 2 шілдеде қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы шарт айғақтайды.
Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахойдың Қазақстанға 2013 жылғы қыркүйектегі ресми сапары ынтымақтастығымызды дамытуға қосымша серпін берді.
Кезекті отырыстары 2016 жылғы 28 қарашада Мадридте өткізілген Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ «Қазақстан-Испания» Іскер кеңесінің белсенді жұмыстары экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті барынша кеңейтуге ықпал етуде.
Елімізде испан компаниялары көлік, инфрақұрылым, энергетика, телекоммуникация және аграрлық өнеркәсіп салаларында кеңінен қызмет етуде. Олар «Тальго», «Индра», «Репсол», «Maксам», «Эйрбас Милитари», «Телтроник», «Globaltec», «MOLECOR» және т.б.
Екі елдің баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша өзара әрекеттесуі инновациялық әріптестіктің перспективалық бағыты болып табылады. Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі алаңы Испанияның осы саладағы бай тәжірибесін көрсетуге бірегей мүмкіндік туғызады.
Испаниямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше мән беріледі. Бұл сала түрлі жобалармен, көрмелермен, конференциялармен, кітап басылымдарымен жылдан-жылға баи түсуде.
Қазақстан Испаниямен екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыттарын стратегиялық әріптестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті.