09.02.2017
Сенат басшысы сапар аясында БҰҰ-ның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі шартқа қол қойылуына қолдау білдірді.
Қ.Тоқаев көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму міндеттерін іске асыруға жәрдемдесетінін атап өтті. Жүздесушілер ЭКСПО инфрақұрылымдары аясында БҰҰ қамқорлығымен жасыл технология мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу туралы пікір алмасты.