• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Оңтүстік Африканың Ұлттық кітапхана қорына Қазақстан туралы кітаптар тапсырылды 09.02.2017

Бүгінгі күні оңтүстікафрикалық кітапхана қоры 25 миллион кітаптан тұрады. Тараптар ғылыми алмасуларды дамыту қажеттігі туралы пікірге келді. ОАР ұлттық кітапхана басшысы тәжірибе алмасу және екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасау үшін делегациялардың сапарларын ұйымдастыруды ұсынды. 

Қазақстанның ОАР-дағы елшісі Оңтүстік Африканың Ұлттық кітапхана қоры үшін Президент Н. Назарбаевтың еңбектерін, еліміздің тарихы туралы кітаптарды тапсырды.    

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде кездесу барысында қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы Қазақстанның 25жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қорытындылары туралы ақпарат бергені туралы хабарланды.


Back to the list