08.02.2017
Алматы қаласының әкімдігінде хабарланғандай, қонақтар Алматының қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарыстар өткізу, волонтерлердің жұмысы, тамақтану жүйесі мәселелеріне ерекше назар аударды. 2017 жылғы Универсиаданың директоры Наиль Нуров түсіндіріп өткендей, осы іс-шараны өткізу кезінде қорғалатын адамдардың қатысуымен ірі іс-шараларда пайдаланылатын қашықтықтан тексеру қолданылған. Ол үшін қалада ҚР Президентінің күзет қызметі тексеруді жүргізетін жергілікті локациялар құрылады.
«Біз Алматы қаласына оның Универсиаданы өткізу кезінде алған тәжірибесін зерттеу үшін келдік. Алматыда қаланы өзгертудің ауқымды бағдарламасы жүргізілді және ол тек спорттық құрылыстарды ғана қозғаған жоқ, сонымен қатар қаланы абаттандыруға, жаңа тұрғын үй алаптарын салуға да қатысты болды. Қаржы жағына келетін болсақ, Красноярскіде Универсиаданы өткізу бюджеті 1 млрд долларға жуық, бұл тек күрделі салымдар көлемінде ғана», - деп атап өтті Красноярск мэрі Эдхам Акбулатов.
Хабарламада айтылғандай, Красноярскіде Студенттердің спорттық ойындарына дайындық қарқынды түрде өтуде. Жаңа нысандардың құрылысы, сондай-ақ бар нысандарды қайта құру жүргізіліп жатыр, барлығы 34 болмақ.
«Бізде Универсиаданы өткізу ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар туындайды және біз үшін қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесі қызықты», - деді келесі жарыстардың ұйымдастырушылары.
Бұдан бөлек, красноярлық делегация екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау үшін алматылық бизнес өкілдерімен кездесті.
Әкімдікте алматылық өндірушілер азық-түлік тауарларын, өнеркәсіптік өнімді жеткізуге және Красноярск өлкесінің дүкендеріне қазақстандық тауарлардың жеткізілімін арттыруға ниетті. Атап өтейік, 2016 жыл қорытындылары бойынша Красноярск өлкесі мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 2,5 есе артқан. Жоғары технологиялық өнім өлкесінен экспорттық жеткізілімдердің едәуір өсуі байқалады.