• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Малайзияның қорғаныс министрі Қазақстанмен ынтымақтастық жасау перспективаларын оң бағалады 08.02.2017

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатпен, еліміздің тәуелсіздік жылдарында жетілдірілген қорғаныс өнеркәсібінің негізгі бағыттарымен, оның экспорттық әлеуетімен таныстырып, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы шығаратын өнім туралы айтып берді.

«Х. Хусейн қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық перспективаларын оң бағалап, қазақстандық делегацияны 2017 жылғы 21-25 наурызда Малайзияда өтетін «LIMA 2017» авиация-ғарыш және әскери-теңіз техникасының 14-ші халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды», - делінген ведомство хабарламасында.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұлттық компаниялары арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ тиісті шарт-құқықтық базаны қалыптастыру мүмкіндігі туралы келісті.  


Back to the list