03.02.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық әріптестік және аймақаралық серіктестікті дамыту мәселелерін талқыға салды.
Д.Сарекенов әңгімелесушісіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын, ел басшылығының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өткізу, Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын ашу бастамалары туралы хабарлады, сонымен қатар штаттың бизнес өкілдерін ҚР инвестициялық жобаларына қатысуға шақырды.
Бас министр екі елдің іскерлер ортасының арасында байланыс орнату бағытындағы алда атқарылатын жұмыстардың және ҚР аймақтары мен Селангор штаты арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар халал-индустрия, инфрақұрылым, көлік, туризм және т.б. салаларда ынтымақтастық қарым-қатынас орнату туралы ортақ пікірге келді.