• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мажарстан тағылымдамалар өткізу үшін қазақстандық дипломаттарды қабылдауға дайын – ҚР СІМ 02.02.2017

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Анарбек Қарашев Мажарстанның Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігінің әкімшілік істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Чаба Балогпен кадрлық саясатпен, елшілерді, аға дипломаттарды салалық мемлекеттік органдар мен өңірлік муниципалды органдарға ауыстыру/іссапарға жіберу мүмкіндігімен байланысты, сондай-ақ шетелдік мекемелер басшыларының корпусын құруға және олардың қызметінің тиімділігін бағалауға қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде тараптар келіссөздердің қорытындылары бойынша кадрлық саясат саласындағы консультацияларды жалғастыру туралы келіскені жөнінде атап өтілді. Мажарстандық тарап тағылымдамалар өткізу үшін Будапешт қаласында қазақстандық дипломаттарды қабылдауға дайын екенін білдірді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Мажарстан Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық әріптесі болып табылады. 


Back to the list