• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР мен РФ  СІМ өкілдері  ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 02.02.2017

«Қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшысы Григорий Карасин телефон арқылы сөйлесті», - делінген хабарламада.

Дипломаттар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен көпжақты форматтағы екіжақты өзара ықпалдастық мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шарттың негізінде құрылатынын растады.


Back to the list