01.02.2017
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға баса назар аударылды.
Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар инвестицияға өзара қолдау білдіру және бизнесті қорғаудың заңнамалық мәселелерін қарастырды.
Д. Назарбаеваның пікірінше, Қазақстан Италия бизнесінің көрші мемлекеттер нарығына шығу үшін тамаша тұғыр бола алады. С. Раваньян Италияның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы туралы әңгімеледі.
Италияның бірқатар аймақтарын белсенді түрде тарту, сондай-ақ опера өнерінің жұлдыздары қатысатын ауқымды мәдени бағдарламалары көзделіп отыр. Д. Назарбаева екі ел арасындағы сенімді қатынастар орнатуда парламентаралық диалогтың маңызды рөлін атап өтті.
Осыған байланысты парламенттік делегациялардың сапарлары екіжақты ынтымақтастыққа жаңа қарқын беретіні айтылды. Бүгін Сенатқа Германия Елшісі Рольф Мафаэль де келді.
Д. Назарбаева дипломатты Қазақстандағы миссиясының басталуымен құттықтады және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы жұмысының табысты болуына тілектестігін білдірді. Д. Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның басымдықтары туралы хабардар етіп, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, терроризмге қарсы өзара тығыз іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Германия елшісі Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі Астанада өткен келіссөздерге жоғары баға берді.
Сондай-ақ екіжақты экономикалық және гуманитарлық байланыстар, инвестицияларды қолдау мәселелері де қозғалды.
Сенатор неміс дипломатын Қазақстан Парламентінің қызметімен таныстырып, конституциялық реформалар мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыруға заң шығарушылардың қатысуы туралы айтып берді.